Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Стамбулда тағы бір жарылыс болды (фото, видео)

Опубликовано:

оқиға орны
Оқиға орнынан фото: Telegram/TURKNWS

Түркияның ең ірі қаласы Стамбулда тағы да жарылыс болды. Жарылысқа көліктің техникалық ақауы себеп болған деген болжам бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті басылымдарға сүйенген агенттіктің хабарлауынша, оқыс оқиға қаланың негізгі тарихи-мәдени көрікті жері, атап айтқанда, Сұлтанахмет алаңы мен бірқатар әйгілі мешіт орналасқан Фатих ауданында болған.

Өртке көліктің техникалық ақауы себеп болды деген болжам бар. Алдымен көлік өртеніп кеткен, кейін жалын тағы үш көлікті шарпыған. Олардың біреуі жарылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ресми ақпарат жоқ.

Өрт шыққан көлік иесінің айтуынша, көлікте келе жатқанда дизель отынының иісі шыққан. Жүргізуші банкоматтан ақша алу үшін көлігінен түскенде көп ұзамай көлік өртеніп, өрт басқа көліктерді де шарпыған.

Оқиға орнына жеткен полицейлер өрт сөндірушілермен кеңесе отырып, лаңкестік әрекет немесе өрт қою фактісін көрсететін ешқандай дәлел таппаған, деп жазады басылым. Кейбір мәліметтерге қарағанда, жанармай иісін сезген көлік жүргізушісі жол жиегіне тоқтап, өтіп бара жатқан адамдардан көмек сұраған. Оның көлігін шарпыған жалын көп ұзамай басқа көліктерге де өтіп, оқиға орнына жақын маңдағы ғимарат пен банкоматты зақымдаған.

Еске сала кетейік, өткен жексенбіде Стамбұлдың туристік аймағында жарылыс болды. Бастапқыда 4 адам қаза тауып, 38 адам жараланды деп хабарланған, кейінірек 80-нен астам адам жараланып, кем дегенде алты адам қаза тапқаны белгілі болды. Түркияның ішкі істер министрлігі оқиғаны теракт деп атап, жарылысқа қатысы бар деген 46 күдіктіні ұстады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1997330-stambulda-tagy-bir-zarylys-boldy-foto-video/

pixel