Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Стамбұлдағы жарылыстан 80-нен астам адам жарақат алды

Опубликовано:

Стамбұлда жарылыс болған жердегі өрт сөндірушілер
Стамбұлда жарылыс болған жердегі өрт сөндірушілер. Фото: John Wreford/SOPA Images/LightRocket/Getty Images

Кеше Түркияның Стамбул қаласында жаяу жүргіншілерге арналған көшелердің бірінде жарылыс болды. Кем дегенде 81 адамның зардап шеккені белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Түркия вице-президенті Фуат Октайдың айтуынша, Стамбұл орталығында болған жарылыстан зардап шеккендердің саны артқан.

"Бізде 81 адам зардап шеккен. Екеуінің жағдайы ауыр", – деді вице-президент журналистерге.

Жарылыс кеше күндіз Стамбұл орталығындағы жаяу туристерге арналған Истикляль көшесінде болды. Бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған алты адам қаза тауып, 53 адам жараланғанын хабарлаған болатын.

Қазақстан Республикасының Стамбұлдағы Бас консулдығының мәліметінше, оқиға жергілікті уақыт бойынша кеше, 13 қараша күні 16:20 (Астана уақыты бойынша 19:20) шамасында болған. Бұл туралы ведомствоның ресми Telegram-арнасында хабарланды.

Сондай-ақ, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Бас консулдық Түркияның құзырлы органдарымен және әкімдікпен байланыста екенін атап өтті. Зардап шеккендердің арасында қазақстандықтардың бар-жоғы туралы ақпарат анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1996990-stambuldagy-zarylystan-80-nen-astam-adam-zaraqat-aldy/

pixel