Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Индонезияда жер сілкінісі салдарынан 160-тан астам адам қаза тапты (видео)

Опубликовано:

Индонезия
Жер сілкінісінің салдары. Индонезия. Фото: Twitter/BNPB Indonesia

Дүйсенбі, 21 қарашада Индонезияның Батыс Ява провинциясында күшті жер сілкінісі болды. Салдарынан бір жарым жүзден астам адам қаза тауып, 330-ға жуық адам жарақат алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ CNN-ге сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, күші 5,6 балдық жер сілкінісі салдарынан 162 адам қаза тапқан.

Провинция губернаторы Ридван Камилдің БАҚ-қа берген мәліметінше, 326-ға жуық адам әртүрлі жарақат алған.

АҚШ геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісі кеше Батыс Яваның Чанжур аймағында 10 шақырым тереңдікте болған. Жер сілкінісі салдарынан 13 782 адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Олардың барлығы 14 босқын лагеріне орналастырылатыны атап өтілді.

Сондай-ақ кемімнде 2345 үй зардап шеккені хабарлануда. Төтенше жағдайлар жөніндегі ұлттық агенттіктің жергілікті филиалының мәліметінше, төрт мектеп пен 52 үй қирап, мешіт пен аурухана ғимараты қатты зақымданған.

Басылымның хабарлауынша, баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде губернатор қаза болғандар саны артуы мүмкін екенін айтқан.

"Оқиға орнында әлі де тұрғындар көп, жараланғандар мен қаза тапқандар саны уақыт өткен сайын көбейеді деп болжаймыз", - деді ресми өкіл.

Оның айтуынша, үйінді астында қалған кейбір тұрғындарға құтқарушылар әлі де жете алмай отыр. Бұл ретте ол қосымша жер асты дүмпулерінің болуы мүмкін екенін атап өткен.

Индонезия "От сақинасында", яғни, Тынық мұхитының айналасындағы белдеуде орналасқаны белгілі. Бұл жиі жер сілкінісі мен жанартау белсенділігін тудырады. Бұл Тынық мұхитының бір жағында Жапония мен Индонезиядан, екінші жағында Калифорния мен Оңтүстік Америкаға дейін созылып жатқан планетадағы ең сейсмикалық белсенді аймақтардың бірі.

2004 жылы Индонезияның солтүстігіндегі Суматра аралында 9,1 балдық жер сілкінісі болып, 14 ел цунамидан зардап шеккен. Салдарынан Үнді мұхиты жағалауында 226 000 адам қаза тапты. Құрбандардың жартысынан көбі Индонезиядан еді.

Назар аударыңыз! Видеоны жүрегі әлсіз жандарға көру ұсынылмайды!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1998344-indoneziyada-zer-silkinisi-saldarynan-160-tan-astam-adam-qaza-tapty-video/

pixel