Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан 2022 жылғы ӘЧ: Марокко-Бельгия матчынан кейін Брюссельде тәртіпсіздіктер болды (видео)

Опубликовано:

Брюссельдегі тәртіпсіздіктер
Брюссельдегі тәртіпсіздіктер. Виедодан кадр: twitter.com/NSPVBrussels

Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында Бельгия құрамасының Мароккоға қарсы ойынынан кейін Бельгия астанасы Брюссельде және басқа да қалаларда тәртіпсіздіктер болды.

Euronews-тің хабарлауынша, он шақты жас жігіт Брюссель орталығында көлікті аударып, өртеген. Олар өтіп бара жатқан көліктерге де тас лақтырып, қала мүлкін бүлдірген. Тәртіп сақшылары жиналғандарды тарату үшін су шашыратын құрал мен көзді жасаурататын газ қолданған.

Сондай-ақ басылымның жазуынша, полицейлерге қала орталығындағы бірқатар аудандарды жабуға тура келген. Қала билігі жергілікті тұрғындарды Брюссельдің орталық алаңдарына бармауға шақырған.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, тәртіпсіздіктер Брюссельде ғана емес, Бельгияның Антверпен мен Льеж қалаларында, сонымен қатар көршілес Нидерландта да басталған.

РИА Новости-дің бельгиялық БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлауынша, тәртіпсіздіктер аясында полиция Брюссель мен Антверпенде ондаған адамды ұстаған.

"Интерфакс" мәліметінше, Брюссель көшелеріндегі жағдай бірінші таймда марокколықтардың соққан голы есепке алынбаған соң қиындай бастаған. Брюссельдің оңтүстік темір жол вокзалы мен тарихи қор биржасы орналасқан ауданға жиналған жанкүйерлерлер төрешінің шешіміне наразылығын білдіре бастаған. Олардың кейбірінің қолында Марокко туы болған.

Екінші таймның басында жағдай одан сайын ушыға түскен. Қоқыс жәшіктері өртеніп, петардалар жарылған. Артынша бұзақылар көліктерді басып алған. Полицейлерге тас лақтырған. Полиция қызметкерлерді бұзақыларды тәртіпке шақыру үшін арнайы құралдар қолдана бастаған. Сонымен қатар қосымша күш шақырылған.

Белгілісі қаладағы тәртіпсіздіктерден бір адам - оқиға орнында жүрген журналист зардап шеккен.

Еске сала кетейік, 27 қарашада өткен Марокко-Бельгия арасындағы матч 2:0 есебімен африкалық команданың пайдасын шешілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1999163-futboldan-2022-zylgy-ac-marokko-belgiyany-zengennen-keiin-bryusselde-tartipsizdikter-boldy-video/

pixel