jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қытай халық республикасының бұрынғы төрағасы Цзян Цзэминь қайтыс болды

Цзян Цзэминь
Цзян Цзэминь. Фото: Lintao Zhang/Getty Images

Қытай елінің бұрынғы басшысы Цзян Цзэминь қайтыс болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА-Новости-ге сілтеме жасап.

Қытайдың бұрынғы басшысы Цзян Цзэминь 97 жасында қайтыс болды. Бұл туралы жергілікті телеарналар хабарлауда.

Цзян Цзэминь Қытайда партиялық және мемлекет қайраткері болды.

Ол 1989-2002 жылдары Қытай коммунистік партиясы (ҚКП) орталық комитетінің бас хатшысы, 1993-2003 жылдары Қытай халық республикасының төрағасы болды.

Peoples.ru сайтының хабарлауынша, ол 1926 жылы 17 тамызда Қытайдың Цзянсу провинциясының Янчжоу қаласында дүниеге келген. Шанхай Цзяотонг университетінің электротехника факультетінде оқыған. 1947 жылы университетті бітірген, Қытай коммунистік партиясының қатарына одан бір жыл бұрын қабылданған.

Қытай халық республикасының бұрынғы төрағасы Цзян Цзэминь қайтыс болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.