jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Әсел Найман қызы
Әсел Найман қызы
Бұрынғы қызметкер

Тәліптер билікке келгелі алғаш рет адамды өлім жазасына кесті

Ауғанстан туы
Ауғанстан туы. Көрнекі фото: Dave Rushen / SOPA Images / LightRocket / Getty Images

"Талибан" өкілі (Қазақстан мен басқа да бірқатар елде тыйым салынған ұйым) Ауғанстанда ер адам кісі өлтірді деген айыппен өлім жазасына кесілгенін мәлім етті, деп жазады РИА Новости.

Агенттіктің хабарлауынша, "Талибан" қозғалысының өкілі Забиулла Муджахид тәліптер Ауғанстан билігіне келгелі бері, елде алғаш рет адам өлім жазасы орындалғанын мәлімдеген.

Оқиға Фарах провинциясында болған. Онда кісі өлтірді деген айыппен ер адам жазаланған.

Сонымен бірге басылым ұсынған мәліметтерге сәйкес, өлім жазасына қозғалыстың жоғары шенді мүшелері де келген. Олардың арасында Муджахид, Жоғары Сот судьясы, ІІМ м.а. мен елің Сыртқы істер министрлігінің өкілдері Сираджуддин Хаккани мен Амир Хан Мутаки да бар.

Еске сала кетейік, былтырғы жылдың тамыз айында тәліптер Ауғанстан билігін басып алған болатын.

Тәліптер билікке келгелі алғаш рет адамды өлім жазасына кесті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.