jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ақырыс Сейтқазы
Ақырыс Сейтқазы
Бұрынғы қызметкер

Қаттама пісіріп сататын қырғызстандық әжейді күтпеген жерден араб шейхтары шақыртып алды (видео)

Ира Шотқараева мен араб шейхы
Ира Шотқараева мен араб шейхы. Скриншот: instagram/adilet_nogoibaev_

Қырғызстанның Шу облысына қарасты Кемин ауданында тұратын 63 жастағы Ира Шотқараева күтпеген жерден барша қырғыз халқына танымал болды. Жол бойында қаттама пісіріп сататын әжейді араб шейхтары аттай қалап, Абу-Дабиге шақыртқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қаттама пісіріп, араб шейхтарын таң қалдырған әжей туралы ақпаратты қырғыз блогері Әділет Ногойбоев мәлімдеді.

Белгілі болғандай, Ира әжейдің шағын отбасылық бизнесі бар. Ол жол бойында қаттама пісіріп сатады екен. Сондай күндердің бірінде Ыстықкөлге бет алған 25 араб туристі қаттаманың дәмін татып, оларға аталған тағам қатты ұнап қалған.

Өз елдеріне оралған соң араб шейхтарының бірі қаттаманы қатты аңсап, қырғыз әжейді өз еліне шақыртады. Ондағы мақсаты - қаттаманың пісірілу әдісін өзіндегі асүй қызметкерлеріне үйрету болған.

Қазіргі таңда Ира әжей қызы мен күйеубаласын ертіп, Абу-Дабиде жүр. Ол араб шейхының үй қызметкерлеріне қаттаманың пісірілу жолдарын үйреткен. Сондай-ақ, шейх алыстан келген қонақты бесжұлдызды қонақүйге орналастырып, қаланың көрікті жерлерін аралатып, қомақты сыйақы да берген.

Қаттама пісіріп сататын қырғызстандық әжейді күтпеген жерден араб шейхтары шақыртып алды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.