jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ақырыс Сейтқазы
Ақырыс Сейтқазы
Бұрынғы қызметкер

Оңтүстік Кореяда мешіт салуға қарсы болған белсенділер шошқамен "шабуыл" жасады

Шошқа
Шошқа. Көрнекі сурет: pixabay.com

Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында мешіттің салынуына қарсы болған белсенді топ түрлі акциялар дайындай бастады. Жақында олар мешіт құрылысы жүріп жатқан жерге шошқа етінен барбекю жасады, деп хабарлайды Opindia.com.

Тэгу қаласында мешіт салуды 150 мұсылман студент қолға алған. Олар өздерінің уақытша жатақханаларының қасынан құлшылық үйін салып бастайды.

Алайда мұны білген кореялықтар қарсылық шерулерін өткізеді. Кейін бұдан пайда болмасын біліп, шошқамен "шабуыл" жасауға көшеді.

Атап айтар болсақ, алдымен олар мешіт құрылысы жүріп жатқан жерге шошқаның басы бар орындық қойып кеткен. Ал кейін мешіт маңында шошқа етінен барбекю жасайды. Мешіт салушыларға кедергі келтірмек болған белсенділер шошқаны тұстастай күйдіріп, тамақ дайындаған.

Екі тарап арасында жанжал туындауынан қорыққан полицейлер оқиға орнына жеткен. Алайда мешіт салушылар белсенділердің әрекетіне еш қарсылық жоқтығын айтып, олардың асықпай тамақтанып алуына мүмкіндік берді.

Оңтүстік Кореяда мешіт салуға қарсы болған белсенділер шошқамен "шабуыл" жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.