Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ердоған Нобель сыйлығына ұсынылды

Опубликовано:

Режеп Тайып Ердоған
Режеп Тайып Ердоған. Фото: Okan Ozer/Anadolu Agency/Getty Images

Түркия Ұлы ұлттық мәжілісінің (парламент) спикері Мұстафа Шентоп Украинадағы қақтығысты реттеудегі күш-жігері үшін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанды ​​Нобель сыйлығына ұсынды. Бұл туралы РИА Новости Түркияның бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап хабарлайды.

"Ресей мен Украина арасында бейбітшілік орнату жолындағы талпыныстары үшін президент Ердоғанның кандидатурасын ​​Нобель сыйлығына ұсындым. Менің өтінішім бар. Басқа елдерден өтініштер беріледі", – дейді Шентоп.

Еске салсақ, бұған дейін Ердоған Ресей мен Украина арасындағы шиеленісті шешуге үлес қосуға дайын екенін айтып, екі елдің басшыларын Түркияға кездесуге шақырған болатын.

18 тамызда Ердоған Львовта Украина президенті Владимир Зеленскиймен және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездескен еді.

Осы кездесуде Түркия мен Украина меморандумға қол қойды, оған сәйкес Стамбұл соғыстан кейін Украинаны қалпына келтіруге атсалыспақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2003495-erdogan-nobel-syilygyna-usynyldy/

pixel