jitsu gif

Қырғызстанда мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық шараларда фонограммамен ән айтуға тыйым салынды

микрофон
Микрофон. Көрнекі фото: pixabay.com

Қырғызстанда 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық шараларда фонограммамен ән айтуға тыйым салынды. Мұндай бұйрыққа елдің мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Алтынбек Мақсұтов қол қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасап.

1 қаңтардан бастап күшіне енген бұйырққа сәйкес, енді театрда, спорт мекемелерінде, филармонияда, концерт залдарында, кинотеатрларда, клубтарда, музейлерде және кітапханаларда фонограммамен ән айтуға болмайды.

Тыйым қоғамдық іс-шаралар кезінде ән айтуға да қатысты.

Басылымның жазуынша, талап бұзылған жағдайда іс-шара өткен мекеменің басшысы жауапты болады.

Сондай-ақ басылым бұйырықтың орындалуын мәдениет министрінің жеке өзі қадағалайтынын атап өтті.

Айта кетейік, Қазақстанда да әртістер фонограммамен ән айтатын болса ол жайлы ескертуге міндетті. Бұған дейін еліміздің Мәдениет және спорт министрі музыкалық туындыларды орындау кезінде фонограммалардың пайдаланылуы туралы көрерменге хабарлау қағидаларын бекіткен еді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.