jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Ауғанстанда енді әйелдерге сауда орталықтарында жұмыс істеуге тыйым салынды

сауда үйі
Сауда үйі. Көрнекі фото: pixabay.com

Ауғанстанда тәліптер әйелдерге сауда орталықтарында жұмыс істеуге тыйым салды. Сондай-ақ олар елдегі сұлулық салондарын жабуды көздеп отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.

"Талибан үкіметі әйелдер сұлулық салондарын жабу үшін 10 күндік мерзім белгіледі", – деп хабарлады агенттік Al-Arabiya телеарнасына сілтеме жасап.

Басылым Ауғанстан билігі әйелдердің сауда орталықтарында жұмыс істеуіне тыйым салуды да бұйырғанын қосты.

Сондай-ақ ауғанстандық БАҚ Талибан үкіметіндегі Жоғары білім министрлігі Ауғанстандағы жеке және мемлекеттік университеттердегі студент қыздардың оқуын тоқтатуға бұйрық бергенін атап өтті.

Ауғанстанның жоғары білім министрі қыздардың зайырлы университеттерде білім алуы ислам заңдары мен ислам дәстүрлеріне қайшы екенін айтқан.

Ауғанстанда енді әйелдерге сауда орталықтарында жұмыс істеуге тыйым салынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.