jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Найман қызы
Әсел Найман қызы
Бұрынғы қызметкер

Стамбулда іскерлік орталықта жарылыс болды (видео)

Жарылыс болған орын. Кадр ведодан алынды
Жарылыс болған орын. Кадр ведодан алынды: Mash Telegram-арнасы

Стамбулдың батысында орналасқан Багджылар іскерлік орталығындағы тоқыма шеберханаларының бірінде жарылыс болды. Куәгерлер әлеуметтік желіде оқиға орнынан түрлі бейнежазбалармен бөлісуде, деп хабарлайды РИА Новости.

Түрік басылымдарының хабарлауынша, жарылыс 12 қаңтар күні, Стамбулдың батысындағы Багджылар іскерлік орталығындағы тоқыма шеберханасында болған.

Белгілі болғандай, жарылыстан қираған ғимарат қирандылары тіпті көшеге ұшқан.

Багджылар ауданының префектісі Абдуллах Учгунның айтуынша, оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген әрі қайтыс болғандар да жоқ.

"Жарылыстан ешкім зардап шекпеді, қаза тапқандар да жоқ, тек материалдық шығын ғана келтірілді", - деді ол.

Сонымен бірге ол төтенше жағдайдың орын алуына шеберханадағы бу қазандығының жарылуы себеп болғанын айтады.

Сонымен қатар Mash Telegram-арнасы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасай отырып, оқиға салдарынан көптеген адам зардап шеккенін, алайда олардың нақты саны белгісіз екенін хабарлайды.

Ал "Коммерсантъ" басылымы жарылыс салдарынан тек бірнеше тұрғын ғана әйнек тию себебінен, жеңіл жарақат алғандығын мәлімдейді.

Стамбулда іскерлік орталықта жарылыс болды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.