jitsu gif

Асқар Ақаевтың үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды

Асқар Ақаев
Асқар Ақаев. Фото: kaznu.kz

Қырғызстанның бірінші президенті Асқар Ақаевқа қатысты қылмыстық іс ескіру мерзімінің өтуіне байланысты тоқтатылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Кыргызстан-ға сілтеме жасап.

Елдің Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған басылым Құмтөр кенішін игеруге байланысты іс аясында елдің бұрынғы басшысына билікті және қызметтік бабын асыра пайдаланғаны үшін, сондай-ақ 1992 жылы "Камеко" компаниясымен келісім жасасу эпизодтары бойынша немқұрайлық танытқаны және 2003 жылы "Құмтөр" жобасын қайта құрылымдағаны үшін айып тағылғандығын жазады.

Басылым мәліметінше, 2021 жылы тамызда, қуғында болғаннан кейін 16 жыл өткен соң, Ақаев Құмтөр ісі бойынша куәлік ету үшін Қырғызстанға келген. Сол жылдың желтоқсан айында ол еліне тағы келіп кеткен.

Бір сұхбатында Ақаев еліміздің құқық қорғау органдарының енді оған қарсы талабы жоқ екенін айтты. 2022 жылдың қаңтар айының ортасында президент Садыр Жапаров Асқар Ақаев бұрынғы қателіктері үшін "халық алдындағы кінәсін толық өтеді" деп мәлімдеді.

Асқар Ақаевтың үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.