Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Непалда 72 жолаушы мінген ұшақ құлады

Опубликовано:

Әуедегі ұшақ. Көрнекі сурет
Әуедегі ұшақ. Көрнекі сурет: pixabay.com

Непалда 72 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады. Борттағы шамамен 69 адам қаза тапқаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы жергілікті News 18 арнасы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Үнділік арна шамамен 69 адам қаза тапқанын мәлімдеді. Сондай-ақ әуе кемесінде шетелдік азаматтардың болғаны да расталды.

Атап айтар болсақ, 53 адам Непалдың, 5 адам Үндістанның, 2 адам Ресей, 2 адам Кореяның, азаматтары екені анықталды. Сондай-ақ, лайнер бортында Франция, Англия мен Аргентинаның азаматтары болған.

Қайғылы жағдай жексенбі күні таңда болған. Катмандардан бағыт алған ұшақ Покхар қаласына құлады.

Компания өкілдерінің мәліметінше, бортта 4 экипаж мүшесі мен 68 жолаушы болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2005403-nepalda-72-zolausy-mingen-usaq-qulady-barlyq-adam-qaza-tapqan/

pixel