Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ Непалдағы ұшақ апатынан аман қалғандар туралы хабарлады

Опубликовано:

Непалдағы ұшақ апаты
Непалдағы ұшақ апаты. Оқиға орны. Фото: Bishal-maga/Getty Images

БАҚ-та Непалда болған ұшақ апатынан аман қалғандар туралы ақпарат пайда болды. Сондай-ақ ел билігі қайғылы оқиғаның алдын ала себебін атады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Апатқа ұшыраған лайнер бортында болған Непалдың екі азаматы ауыр халде ауруханаға жеткізілді, деп жазады ТАСС Покхара халықаралық әуежайындағы дереккөзге сілтеме жасап.

Ал жергілікті My Republica басылымы аймақтық прокурор көмекшісінің мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлауынша, апат салдарынан 68 адам опат болған, олардың мәйіттері табылды. Қаза тапқан 31 адамның денесі Покхарадағы Гандаки ауруханасына жеткізілді.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Непал азаматтық авиация басқармасының өкілі Гьянендра Бхул ұшақтың құлауына техникалық ақау себеп болуы мүмкін екенін айтты.

Еске салайық, бұған дейін БАҚ-та лайнер бортында болған барлық 72 адамның (68 жолаушы мен 4 экипаж мүшесі) қаза тапқаны туралы ақпарат тараған болатын.

Қайғылы оқиғаға байланысты Непалда қаралы күн жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2005420-baq-nepaldagy-usaq-apatynan-aman-qalgandar-turaly-xabarlady/

pixel