Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әлем аруы" байқауында Қазақстан мен Қырғызстан атауын шатастырды: қырғыз аруы ұйымдастырушыларға жауап берді

Опубликовано:

Эми Эмерик пен Алтынай Ботоярова
Эми Эмерик пен Алтынай Ботоярова. Видеодан кадр: Youtube/Miss Universe

"Әлем аруы" байқауының ұйымдастырушылары Қырғызстаннан келген қатысушыдан елінің атын қате атағаны үшін кешірім сұрап, видео жариялады. Ұйымдастырушылардың сөзіне Алтынай Ботоярова жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео Miss Universe байқауының ("Әлем аруы") YouTube-тегі ресми арнасында жарияланған. Кадрға "Әлем аруы" ұйымының бас директоры Эми Эмерик пен Қырғызстаннан келген қатысушы Алтынай Ботоярова түсті.

"Өкінішке қарай, көрсетілім алдындағы бағдарламада жүргізушіміз Қырғызстанның атын қате айтты. Бізге аса мұқият болып, жұмысымызды жақсырақ атқаруымыз керек. Бұл қателікті ақтауға болмайды және біз кешірім сұраймыз. Алтынайдың жарыста бізбен бірге болатын уақытын бұзғымыз келмеді. Сондықтан келесі жолы мұқият боламыз деп тағы да уәде беремін.

Кешірімімізді қабылдайсыз деп үміттенемін", – деді Эми Эмерик.

Өз кезегінде қырғызстандық ару жарысты ұйымдастырушыларға кешірім сұрағаны үшін алғысын білдірді.

"Шын жүректен кешірім сұрағаныңыз үшін көп рахмет, Эми. Мен өте қуаныштымын. Мен Қырғызстан 2021 аруымын және өз елім – Қырғызстанды мақтанышпен таныстырамын. Ұйымдастырушыларға бұл мәселеге үлкен байыптылықпен қарағандары үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді.

Тағы да бір рет ең үлкен жарыс екеніңізді дәлелдедіңіздер", – деді Алтынай Ботоярова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2005441-alem-aruy-baiqauynda-qazaqstan-men-qyrgyzstan-atauyn-satastyrdy-qyrgyz-aruy-uiymdastyrusylarga-zauap-berdi/

pixel