Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сирияда бес қабатты тұрғын үй құлап, 16 адам мерт болды

Опубликовано:

Сирияда құлаған тұрғын үй аумағы
Сирияда құлаған тұрғын үй аумағы. Видеодан кадр: "Хабар24"

23 қаңтар, жексенбі күні Сирияның солтүстігіндегі Алеппо провинциясында көпқабатты тұрғын үй құлап, 16 бейбіт тұрғын қаза тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

SANA мемлекеттік ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған агенттіктің жазуынша, оқыс оқиға кезінде тағы төрт адам жараланған.

"Негізінен күрдтер тұратын Шейх Мақсуд ықшам ауданындағы бес қабатты ғимарат іргетасын су шайып кетудің салдарынан опырылып, құлаған. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, үйде жеті отбасы тұрған", – делінген хабарламада.

Басылымның хабарлауынша, құтқарушылар әлі де тірі қалғандарды іздестіруде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2006319-siriyada-kopqabatty-turgyn-ui-qulap-16-adam-qaza-tapty/

pixel