Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанда мұз үстінде шанамен сырғанап жүрген алты жасар қыз бала көз жұмды

Опубликовано:

мұз үстіндегі шана
Мұз үстіндегі шана. Көрнекі фото: pixabay.com

Қырғызстанның Ош облысы Алай ауданында алты жасар қыз бала мұз астына түсіп кетіп, мерт болды. Бұл туралы елдің Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ Kaktus.media-ға сілтеме жасап.

Оқыс оқиға кеше, 22 қаңтар күні Чон Булолу ауылында болған.

Алты жасар қыз бала мұз қатқан өзенде шанамен сырғанап жүрген. Бір сәтте мұз жарылып, ол су астына түсіп кеткен.

Оқиға орнына құтқарушылар мен полиция шақырылған. Олар жергілікті тұрғындармен бірге қыз баланың денесін мұз астынан шығарып, туыстарына тапсырған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Абай облысында көлік жүргізушісі Алакөл көлін кесіп өтпекші болған кезде мұз жамылғысы жарылып, көлігімен бірге суға батып кеткен еді.

Оның денесін құтқарушылар судан алып шыққан. Ал көлік салонында болған жолаушы өздігінен шығып үлгерген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2006340-qyrgyzstanda-muz-ustinde-sanamen-syrganap-zurgen-alty-zasar-qyz-bala-koz-zumdy/

pixel