Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі салдарынан құрбан болғандар саны 7144-ге дейін өсті

Жарияланған күні:

Түркиядағы зілзала
Түркиядағы зілзала ошағынан фото: Anadolu Agency / Contributor via Getty Images

Түркия мен Сирияда екі күн бұрын болған жойқын жер сілкінісі кезінде құлаған ғимараттардың қирандыларын тазалау жұмыстары жалғасуда. Соған байланысты қаза болғандар мен жараланғандар саны артып келеді.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Түркияның вице-президенті Фуат Октай жаңа мәліметтерді жариялаған, оған сәйкес, елде жер сілкінісі салдарынан қаза тапқан адам саны 5 894-ға, жарақат алғандар саны 34 810-ға жеткен.

Сирияда қаза болғандар туралы деректер де жаңарды. Сирияның денсаулық сақтау министрі Хасан Мұхаммед әл-Габаш зілзала салдарынан қаза тапқандар саны 1250-ге, жараланғандар саны 2054-ке жеткенін хабарлады.

Еске сала кетейік, 6 ақпан күні Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,7 болатын жойқын жер сілкінісі болды. Жер сілкінісі көршілер елдерде де оның ішінде Сирияда да сезілді.

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның айтуынша, бұл - елдегі 1939 жылдан бергі ең үлкен зілзала.

Табиғи апатқа байланысты елде жеті күндік аза тұту күні жарияланды.

Сондай-ақ апаттан зардап шеккен 10 провинцияда үш айға төтенше жағдай режимі енгізілді.

Айта кетейік, қазіргі таңда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен төтенше жағдайдан зардап шеккен аймақтарға барған қазақстандық медицина қызметкерлері мен құтқарушылар Түркиядағы жер сілкінісінің салдарымен күресуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2008474-turkiya-men-siriyadagy-zer-silkinisi-saldarynan-qurban-bolgandar-sany-7144-ge-deiin-osti/