jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Түркияға көмекке аттанған қазақстандық құтқарушылар қалай жұмыс істеп жатыр (видео)

ТЖМ республикалық жедел құтқару жасағының көлігі
Түркияның зілзала болған аймағында тұрған ТЖМ республикалық жедел құтқару жасағының көлігі. Фото: t.me/qr_tjm

Еліміздің Төтенше жағдайлар министірінің бірінші орынбасары Ибрагим Күлшімбаев Түркияға көмекке аттанған қазақстандық құтқарушылардың қалай жұмыс істеп жатқанын баяндады, деп хабарлайды ТЖМ Telegram-дағы ресми арнасында.

ТЖМ бірінші вице-министрінің айтуынша, жер сілкінісі болған жерде күрделі жағдай қалыптасқан.

Оның сөзінше, қазақстандық құтқарушылар үйінділер арасында қалған адамдарды жылдам іздеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр, бұл ретте әкелінген құтқару жабдықтары қолданылуда.

"Газиантеп қаласының Ататүрік көшесінде екі нысан бойынша тобымыз екіге бөлініп жұмыс істеп жатыр. Құтқару операциялары, құлаған үйлердің қирандыларын қарап, арасында қалып қойған адам бар-жоғын тексерудеміз. Мәйіт болса оны алып шығу да - біздің міндет.

30 адамнан тұратын бір тобымыз бір нысанда, 10 адамнан құралған екінші тобымыз басқа нысанда жүр. Олар түрік құтқарушыларымен бірігіп жұмыс істеп жатыр. Мына жерде барлық күш-құралдар бар. Келген еріктілер тамақ жағын ұйымдастырып жатыр. Қаланың әкімшілігі де бізбен бірге, қасымызда", - дейді Төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 7 ақпанда еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Түркияға барды.

Жасақ құрамында ТЖМ құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері және құтқарушы иттер бар.

Түркияға көмекке аттанған қазақстандық құтқарушылар қалай жұмыс істеп жатыр (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.