jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Қазақстандық құтқарушылар мінген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына қонды (видео)

    Түркияға аттанған қазақстандық құтқарушылар
    Түркияға көмек көрсетуге аттанған құтқарушылар тобы. Фото: ТЖМ

    Қазақстандық құтқарушылар мінген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына жетті. Бұл туралы еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

    Ведомствоның мәліметінше, келесі қадам техника мен құрал-жабдықтарды түсіріп, жергілікті билік өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау.

    Сондай-ақ ведомство құтқарушыларға іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін арнайы учаске бекітіледі деп күтіліп отырғанын атап өтті.

    Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бүгін қазақстандық құтқарушылар мен медицина қызметкерлері көмек көрсету үшін Түркияның жер сілкінісі болған аймағына аттанған еді.

    Жасақтың құрамында құтқарушы иттер де бар.

    Еске сала кетсек, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік шығысында жойқын жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері тағы бірнеше провинцияда, сондай-ақ Сирия мен Ливанда сезілді.

    Соңғы мәліметтер бойынша жер сілкінісі салдарынан Түркияда 3 419 адам, Сирияда 800-ден аса адам көз жұмған.

    Төтенше жағдайға байланысты Түркияда жеті күндік аза тұту күні жарияланды. Елде және мемлекеттің шетелдегі өкілдіктерінде 12 ақпан күні батқанға дейін мемлекеттік тулар төмен түсірілетін болады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.