jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Ердоған зілзаладан зардап шеккен отбасыларға мемлекеттен 10 мың лирадан берілетінін айтты

Режеп Тайып Ердоған
Фото: aa.com.tr

Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккен отбасылардың әрқайсысына мемлекеттен көмек ретінде 10 мың лирадан берілетін болды. Бұл туралы сәрсенбі күні Кахраманманраш қаласында президент Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия президенті елдің он провинциясында болған жер сілкінісінің салдарын жою үшін мемлекет барлық тетіктер мен ресурстарды пайдаланатынын айтты.

Режеп Тайып Ердоған эпицентрі Кахраманманраштағы екі жер сілкінісінен зардап шеккен отбасылардың әрқайсына мемлекеттен 10 мың лирадан көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Оның айтуынша, апат аймағының тұрғындары қаласа, Анталия, Алания және Мерсин қалаларындағы қонақүйлерге орналаса алады.

Президент ел үкіметі зілзаладан зардап шеккен 10 провинцияның тұрғындарын басқа апаттар аймағындағыдай бір жыл ішінде жаңа пәтерлермен қамтамасыз етуді мақсат етіп отырғанын айтты.

Ердоған отандастарын табиғи апаттың алдында бірлік пен ынтымаққа шақырды.

Сонымен қатар Ердоған азаматтарды, сондай-ақ БАҚ өкілдерін арандатушылыққа бой алдырмай, Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлар департаменті (AFAD) таратқан апат аймағы туралы ресми мәліметтерге сенуге шақырды.

Еске салсақ, бұған дейін Ердоған Түркиядағы жер сілкінісінен 8574 адамның қаза тапқанын хабарлаған болатын.

Ердоған зілзаладан зардап шеккен отбасыларға мемлекеттен 10 мың лирадан берілетінін айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.