Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда магнитудасы 5,4 болатын жер сілкінісі тіркелді

Опубликовано:

жер сілкінісі болған жер
Жер сілкінісінің салдары. Фото: Anadolu Agency / Contributor via Getty Images

Түркияда тағы да жерасты дүмпулері сезілді, сейсмологтар бұл жолы магнитудасы 5,4 болатын жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының ресми сайтына сілтеме жасап KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Орталықтың сейсмологтары аймақтағы жер сілкінісін бақылауда. Бұл сайттың мәліметінше, Түркияда соңғы 24 сағатта 250-ден астам афтершок тіркелген.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы шамамен 31,4 мың адам тұратын Бұланык қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 33 шақырым жерде 60 шақырым тереңдікте орналасқан.

Еске салайық, 6 ақпан күні таңертең Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі болды. Ердоғанның айтуынша, бұл зілзала 1939 жылдан бергі ең жойқын жер сілкінісі.

Дүйсенбі күні түстен кейін магнитудасы 7,6 болатын тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Осы апатқа байланысты Түркияда жеті күндік ұлттық аза тұту күні жарияланып, табиғи апаттан зардап шеккен 10 провинцияда үш айға төтенше жағдай енгізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2008647-turkiyada-magnitudasy-54-bolatyn-zer-silkinisi-tirkeldi/

pixel