Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркиядағы зілзаладан кейінгі төртінші күн: құтқару жұмыстары қалай жүріп жатыр

Опубликовано:

Үйінді астынан бір отбасының үш адамын құтқару сәті
9 ақпан. Үйінді астынан бір отбасының үш адамын құтқару сәті. Фото: Serhat Zafer/Anadolu Agency via Getty Images

2023 жылғы 6 ақпанда Кахраманмараштың Пазарджик ауданында 7,7 және Эльбистан орталығында 7,6 балдық екі жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінен кейін 1052 жер дүмпуі тіркелген. Түркияның Төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою басқармасы (AFAD) ресми сайтында жер сілкінісінен кейінгі 4 күн ішінде іздестіру-құтқару шаралары қалай жүргізіліп жатқанына қатысты мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

AFAD деректеріне сүйенсек, 9 ақпандағы жағдай бойынша жер сілінкісі салдарынан Кахраманмараш, Газиантеп, Шанлыурфа, Диярбакыр, Адана, Адыяман, Османие, Хатай, Килис, Малатья және Элязыг провинцияларында барлығы 12 391 адам қаза тапқан. 62 914 азамат зардап шеккен.

Құтқарушылар үйінді астында қалған ана мен баланы құтқаруда
9 ақпан. Кахраманмарашта 68 сағаттан кейін ана мен бала құтқарылған сәт. Фото: Mustafa Seven/Anadolu Agency via Getty Images

Апатты аймақтарда Түркияның Төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою басқармасы (AFAD), Жағалау күзеті, Өрт сөндіру бригадасы, халықаралық іздеу-құтқару қызметкерлері мен өзге де жауапты мекемелерден жалпы саны 22 277 адам жұмыс істеуде. Ал басқа елдерден келген іздестіру-құтқару қызметкерлерінің саны 5709 адамды құрайды.

Зілзаладан кейінгі Кахраманмараш қаласының көрінісі
Зілзаладан кейінгі Кахраманмараш қаласының көрінісі. Фото: Ahmet Akpolat / dia images via Getty Images

Сонымен қатар полиция, жедел жәрдем топтары, еріктілер, жергілікті қауіпсіздік және қолдау топтарынан құралған 110 571 адам зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатыр.

Барлығы 5557 көлік (экскаватор, трактор, кран, дозатор, жүк көлігі, су таситын көлік, грейдер, вакуумдық көлік, басқа да құрылыс техникасы) қираған өңірлерге жөнелтілген.

Жер сілкінісі болған Хатай қаласы
Жер сілкінісі болған Хатай қаласындағы құтқару-іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Фото: Burak Kara/Getty Images

Керек-жарақ заттарды жөнелту және адамдарды эвакуациялау үшін жер сілкінісі болған аймақтарға әскери-теңіз күштері мен жағалау күзеті қолбасшылығы құрамынан барлығы 21 кеме жіберілген.

Зілзаладан қатты зардап шеккен 10 провинцияға AFAD, Отбасы және әлеуметтік қызметтер министрлігі тарапынан 94 744 шатыр мен 1 208 305 көрпе жөнелтілген.

Адыяман қаласында отқа жылынып отырған тұрғындар
9 ақпан. Адыяман қаласында отқа жылынып отырған тұрғындар. Фото: Ozkan Bilgin/Anadolu Agency via Getty Images

Зілзала болған аймақтарға 2 999 354 ыстық тамақ, 685 207 сорпа, 4 560 117 литр су, 2 790 139 нан, 2 694 543 азық-түлік пен 378 652 сусын жіберілген.

Швейцариядан келген ерікті мен 3 жасар бала
Хатай қаласы. 3 жасар бала Швейцариядан келген еріктінің қолында ұйықтап жатыр. Фото: Eren Bozkurt/Anadolu Agency via Getty Images

Хатай қаласындағы құтқарушылар
69 сағат үйінді астында жатқан әйелді алып шыққан құтқарушының қуанған сәті. Фото: Ercin Erturk/Anadolu Agency via Getty Images

Түркиядағы зілзаладан кейінгі көрініс
Зілзаладан кейінгі Кахраманмараш қаласының әуеден түсірілген суреті. Фото: Ahmet Akpolat / dia images via Getty Images

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2008748-turkiyadagy-zilzaladan-keiingi-4-kun-qutqaru-zumystary-qalai-zurip-zatyr-foto/

pixel