Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сирияда зілзаладан кейін үйінді астында қалған кішкентай қыз 17 сағат бойы інісін қорғап жатқан

Опубликовано:

інісін қорғап жатқан қыз бала
Үйінді астында інісін қорғап жатқан қыз бала. Фото: БҰҰ өкілі Мұхамед Сафа

Әлеуметтік желіде үйінді астында бауырын қорғап жатқан кішкентай қыз баланың видеосы таралуда. Балалар Сириядағы жер сілкінісінен кейін қиранды астында қалған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Tribune India басылымына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, жеті жасар қыз бала мен інісі жер сілкінісі кезінде қираған ғимарат үйіндісінің астында қалып қойып, 17 сағат жатқан.

Осы аралықта қыз бала інісінің басын қолымен жауып, қорғап жатқан.

Бұл ақпаратты БҰҰ өкілі Мохамед Сафа да өзінің Twitter парақшасында бөліскен.

Кейін балалар қирандылар астынан шығарылған.

Бұған дейін Сирияда үйінді астынан жаңа туған нәресте құтқарылған болатын. Сәбидің анасы қайтыс болды.

Еске сала кетсек, 6 ақпан күні Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,7 болатын жойқын жер сілкінісі болды. Жер сілкінісі көршілер елдерде де оның ішінде Сирияда да сезілді.

Соңғы мәліметтер бойынша, Түркияда жер сілкінісі салдарынан қаза болғандар саны 14 014-ке жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2008785-siriyada-kiskentai-qyz-17-sagat-boiy-uiindi-astynda-inisin-qorgagan/

pixel