Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сирияда үйінді астынан жаңа туған нәресте құтқарылды (видео)

Опубликовано:

Сириядағы құтқарушылар
Сириядағы құтқарушылар. Фото: Syrian Civil Defense/HAndout/Anadolu Agency/Getty Images

Сирияда құтқарушылар Алеппоның солтүстік-батысындағы жер сілкінісінен кейін үйінді астынан жаңа туған нәрестені алып шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

El Balad-тың хабарлауынша, Джендерес ауылында жер сілкінісі салдарынан құлаған ғимарат қирандыларының астында қалған әйел сәбиді дүниеге әкелген. Алайда сәбидің анасы қайтыс болған. Сәби ауруханаға жеткізілді, ол аман қалды.

Әлеуметтік желілерде пайда болған бейнежазбадағы кадрларда құтқарушылардың үйінді астынан жаңа туған нәрестені қалай алып шыққаны көрсетілген.

Сирияда жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 1293-ке жетті, тағы 3411 адам жарақат алды.

Еске салайық, 6 ақпанға қараған түні Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,4 болатын жойқын жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері Сирия мен Ливанда да сезілді. Түркия мен Сириядағы жойқын жер сілкінісі нәтижесінде ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра тізіміне енген Алеппо қорғанына зақым келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2008319-siriyada-uiindi-astynan-zana-tugan-nareste-qutqaryldy-video/

pixel