Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 20 мыңға дейін өсті

Опубликовано:

Түркиядағы жер сілкінісінен кейінгі іздестіру-құтқару жұмыстары
Түркияда жер сілкінісінен кейінгі іздестіру-құтқару жұмыстары. Фото: Burak Kara / Stringer via Getty images

Түркия вице-президенті Фуат Октай Кахраманмараш провинциясында өткен брифингте жер сілкінісінен зардап шеккендер туралы жаңа деректерді жариялады. Оған сәйкес, төтенше жағдай салдарынан Түркияда 17 мыңнан астам адам құрбан болған, деп хабарлайдыKAZ.NUR.KZ РИА Новости-ға сілтеме жасап.

"Қазіргі мәлімет бойынша бізде 17 674 адам қаза болды, 72 879 адам жарақат алды", - дейді Фуат Октай.

Түркия вице-президентінің айтуынша, соңғы тәулікте үйінді астынан 121 адам аман-есен табылып, шығарылған. Оның сөзінше, қазіргі таңда 29 мыңнан астам құтқарушы іздестіру жұмысын жалғастыруда.

Ол сондай-ақ зардап шеккен провинцияларда газ беріліп, электр қуаты қалыпқа келтірілгенін, бірақ сақтық шараларына байланысты кейбір жерлерде әлі де берілмей отырғанын атап өтті.

Ал Сирияда соңғы мәліметтер бойынша, жер сілікінісі салдарынан 3162 адам құрбан болған, 5 мыңнан астам адам жарақат алған.

Еске сала кетейік, дүйсенбі күні Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,7 болатын жойқын жер сілкінісі болды. Дәл осы күні магнитудасы 7,6 болатын тағы бір жер сілкінісі тіркелді.

Табиғи апат көршілес Сирияға да әсер етті. Екі елде де қайтыс болғандар саны артып келеді.

9 ақпанда Кахраманмараш провинциясының маңында магнитудасы 4,8 болатын тағы бір жер сілкінісі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2008821-turkiya-men-siriyadagy-zer-silkinisinen-qaza-tapqandar-sany-20-mynga-deiin-osti/

pixel