Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық құтқарушылар Түркияда үйінді астынан үш адамды аман алып шықты (видео)

Жарияланған күні:

Қазақстандық құтқарушылар үйінді астынан адамдарды құтқаруда
Қазақстандық құтқарушылар үйінді астында қалған адамдарды құтқаруда. Видеодан кадр: t.me/qr_tjm

Қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы Түркияның Газиантеп қаласына жақын Нурдагы қаласындағы үйінділердің астынан үш адамды құтқарды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, қазақстандық құтқарушылардың екінші эшелонына Газиантеп қаласынан 69 шақырым жердегі Нурдағы қаласында толығымен қираған ғимарат бекітілген.

Қазақстандық құтқарушылар бұл нысанда адамдардың орналасқан жері мен жай-күйін анықтау, үйінділер астында зардап шеккендермен аудио байланыс орнату, қажетті көмектің көлемі мен сипатын анықтау бойынша жұмыстар жүргізген.

"Қазақстандық құтқарушылардың үлкен тереңдіктегі үйінділердің астынан зардап шеккендерді эвакуациялау үшін жол ашу жұмыстарын жүргізіп, жедел және сауатты іс - қимылдың, сондай - ақ зардап шеккендерді блоктан шығару бойынша уақтылы қабылданған шаралардың нәтижесінде бүгін түнде көлемі 18 мың текше метрден астам үйіндінің астынан үш адамды - ер мен екі әйелді аман алып шығуға мүмкіндік туды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ ведомство құтқарылған адамдар дереу медициналық қызметке жеткізілгенін хабарлады.

ТЖМ қазақстандық құтқарушылар Түркияға келген сәттен бастап тәулік бойы құтқару жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2008841-qazaqstandyq-qutqarusylar-turkiyada-uiindi-astynan-us-adamdy-aman-alyp-syqty-video/