Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Денесімен жауып қалған": түркиялық құтқарушы анасының арқасында аман қалған сәбиді көргенде көз жасын тыя алмады

Опубликовано:

Аднан есімді сәби құтқарушының қолында
Аднан есімді сәби құтқарушының қолында. Видеодан кадр: instagram.com/tgrthaber

Түркияда құтқарушылар жер сілкінісінен 72 сағат өткен соң аман қалған сәбиді қирандылар арасынан алып шықты. Бүлдіршін анасының арқасында аман қалған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ TGRT Haber-ге сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, оқиға Хатай провинциясының Антакия қаласында болған.

Құтқарушылар іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде сәбидің дауысын естіп қалған. Олар бірден көмекке ұмтылған. Сәби апаттан кейін 72 сағаттан соң құтқарылған.

Сәби құтқарылған кезде оны қиранды астынан алып шыққан құтқарушылардың бірі көз жасын тыя алмаған. Бала жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген.

Басылым сәбидің ата-анасы мен екі ағасы мерт болғанын жазады. Ал кішкентай Аднан анасының арқасында аман қалған. Анасы оны денесімен жауып қалған екен.

Еске сала кетейік, 6 ақпанда Түркия мен Сирияда жойқын жер сілкінісі болды. Соңғы мәліметтер бойынша Түркияда жер сілкінісі салдарынан 17 мыңнан астам адам қайтыс болған, 72 мыңнан астам адам зардап шеккен.

Ал Сирияда құрбан болғандар саны 3162 адамға жеткен, бес мыңнан астам адам жараланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2008832-denesimen-zauyp-qalgan-turkiyalyq-qutqarusy-anasynyn-arqasynda-aman-qalgan-sabidi-korgende-koz-zasyn-tyya-almady-video/

pixel