Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 23 мыңнан асты
Жарияланған күні:
Түркия мен Сирияда болған жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 23 мыңнан асты, деп хабарлайды The Guardian.
Соңғы мәліметтер бойынша, Түркия мен Сирияда табиғи апаттан қаза тапқандардың саны 23 700-ге жетті.
Еске сала кетсек, 6 ақпан күні Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,7 болатын жойқын жер сілкінісі болды. Жер сілкінісі көршілер елдерде де оның ішінде Сирияда да сезілді.
Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның айтуынша, бұл - елдегі 1939 жылдан бергі ең үлкен зілзала.
Табиғи апатқа байланысты елде жеті күндік аза тұту күні жарияланды.
Сондай-ақ апаттан зардап шеккен 10 провинцияда үш айға төтенше жағдай режимі енгізілді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2008992-turkiya-men-siriyadagy-zer-silkinisinen-qaza-tapqandardyn-sany-23-mynnan-asty/