jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Түркіменстанда әлемдегі ең үлкен балшықты жанартаудың бірі атқылай бастады

"Акпотловук" жанартауы
"Акпотловук" жанартауы. Фото: uza.uz

Түркіменстанның оңтүстік-батысында әлемдегі ең үлкен балшықты жанартаудың бірі "Акпотловук" атқылай бастады, деп хабарлайды ӨзА ақпарат агенттігі.

Агенттіктің жазуынша, жер астынан топырақ, су, мұнай және шөгінді жыныстардың қоспасы болып табылатын балшық атқылап, күкіртті сутегінің иісі ауаға таралауда.

Атқылау кезінде кратерден "терең күрсініс" сияқты дыбыс естіледі.

Эколог Меретдурди Кичимовтың айтуынша, жанартау әр түрлі себептермен оянуы мүмкін.

"Мүмкін, газдар бір жерде жиналып қалған, сондықтан жер асты сулары жанартауға жылдам еніп жатыр. Олар тасты жұмсартады, оны сазға айналдырады. Әзірге бұл атқылау қауіпсіз. Атқылаудың қанша уақытқа созылатынын болжау қиын. Бірақ әдетте ол бірнеше күнге созылады", - дейді Меретдурди Кичимов.

"Акпотловук" жанартауының биіктігі шамамен 80 м, ал орталық бөлігінде диаметрі шамамен 150 метр болатын белсенді газды-балшықты көл бар.

Жанартаудан шыққан балшық емдік мақсатта қолданылады.

Түркіменстанда әлемдегі ең үлкен балшықты жанартаудың бірі атқылай бастады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.