Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркия экономикасына жер сілкінісінен келген шығынның алдын ала мөлшері жарияланды

Жарияланған күні:

Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен кейінгі көрініс
Кахраманмараш қаласындағы қираған үйлер. Оқиға орны: Evrim Aydin/Anadolu Agency/Getty Images

Түркияның оңтүстік-шығысында болған екі жойқын жер сілкінісінен елдің ұлттық экономикасына алдын ала есептеулер бойынша 84 миллиард доллар шығын келтірілген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Bloomberg сайтына сілтеме жасап.

Түркиядағы жер сілкінісінен шамамен 13,5 миллион тұрғыны бар 10 провинция зардап шекті.

Басылымның Түркия кәсіпкерлік және бизнес конфедерациясына сілтеме жасап хабарлауынша, төтенше жағдай тұрғын үйлерге шамамен 70,8 миллиард доллар шығын келтірген. Ұлттық табыстың жоғалуы тағы 10,4 миллиард долларды құрайды, ал жұмыс күшінің жоғалуы түрік экономикасын 2,9 миллиард доллар шығынға ұшыратады.

Түркияның инфрақұрылымын, соның ішінде жолдарды, электр желілерін, ауруханалар мен мектептерді қалпына келтіру елдің бюджет тапшылығын биылғы жылға жасалған ресми болжам 3,5 пайызбен салыстырғанда ЖІӨ-нің 5,4 пайызынан асуы мүмкін.

Конфедерация сарапшыларының есептеулері 1999 жылы Стамбұл маңындағы 18 мыңға жуық адамның өмірін қиған жер сілкінісіне негізделген. Дегенмен, соңғы жер сілкінісі әлдеқайда жойқын болды: 30 мыңға жуық адамның қаза тауып, тағы мыңдаған адам із-түзсіз жоғалғандар санатында.

Бұл ретте сарапшылар шығынның нақты көлемі туралы айту әлі ерте екенін ескертті.

Еске салсақ, Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан екі қазақстандық – Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбеков қаза тапқан болатын. 6 ақпаннан бері Қазақстанның тағы бір азаматшасы байланысқа шыққан жоқ. Қазіргі уақытта ол хабарсыз кеткендердің қатарында.

Сондай-ақ, Қазақстан Түркияға миллион доллар көлемінде көмек көрсеткен болатын. Одан бөлек, еліміз құтқарушылар мен дәрігерлерден құралған екі тобын жіберді, олар қазір іздестіру жұмыстарына қатысуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2009104-turkiya-ekonomikasyna-zer-silkinisinen-kelgen-sygynnyn-aldyn-ala-molseri-zariyalandy/