Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"6 ақпаннан бері байланысқа шықпады": құтқарушылар Түркияда тағы бір қазақстандық әйелді іздестіруде

Опубликовано:

Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен кейін
Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен кейін. Фото: Serhat Zafer/Anadolu Agency/Getty Images

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствода өткен брифингте Түркиядағы іздестіру-құтқару жұмыстарының барысы туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Тағы бір қазақстандық әйел із-түзсіз жоғалғандар тізімінде. Ол 6 ақпаннан бері байланысқа шықпаған. Көршілердің айтуынша, ол ғимарат қираған кезде үйде болған. Әзірге оны іздеп жатыр", – деді СІМ өкілі.

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы атап өткендей, қазір елшілік қызметкерлері Кахраманмараш қаласында және түрік құтқарушыларымен бірге оны іздеуде.

"Көршілерінің айтуынша, ғимарат құлаған кезде ол үйде болған. Әзірге операция аяқталмады, жақсы жаңалық күтеміз. Ол биыл 6 ақпаннан бері байланысқа шықпаған, Кахраманмараш қаласында тұрады. Оның әпкесі біздің сенім телефонына хабарласқан соң іздей бастадық", – деп нақтылады Смадияров.

Сонымен бірге ол бұған дейін із-түзсіз жоғалды деп танылған тағы бір қазақстандық азаматтың кейін тірі табылғанын, оның Сабина Мамадьярова болып шыққанын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Түркиядағы жер сілкінісінен кейін жоғалып кеткен екі қазақстандық Әділ Қадырбеков пен Мирус Құрмашевтің денесі табылған еді.

Еске салайық, 6 ақпанда Түркия мен Сирияда жойқын жер сілкінісі болды. Соңғы мәліметтер бойынша Түркияда жер сілкінісі салдарынан 18 мыңнан астам адам қайтыс болған, 74 мыңнан астам адам зардап шеккен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2008947-6-aqpannan-beri-bailanysqa-syqpady-qutqarusylar-turkiyada-tagy-bir-qazaqstandyq-aieldi-izdestirude/

pixel