jitsu gif

Түркияда жер сілкінісі салдарынан қаза болғандар саны 30 мыңға жуықтады

Түркияда жер сілкінісі болған аймақтардың бірі
Түркияда жер сілкінісі болған аймақтардың бірі. Фото: Anadolu Agency / Contributor/ Getty Images

Түрік билігі елдегі жойқын жер сілкінісі салдарына қаза тапқандар туралы мәліметті жаңартты, деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның Түркияның Төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою басқармасына сілтеме жасап хабарлауынша, елдегі зілзала салдарынан көз жұмғандар саны 29 605-ке дейін өскен.

Еске сала кетейік, дүйсенбі 6 ақпан күні Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,5 болатын жойқын жер сілкінісі болды. Дәл осы күні магнитудасы 7,6 болатын тағы бір жер сілкінісі тіркелді.

Табиғи апат көршілес Сирияға да әсер етті.

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның айтуынша, бұл - елдегі 1939 жылдан бергі ең үлкен зілзала.

Табиғи апатқа байланысты Түркияда жеті күндік аза тұту күні жарияланды. Сондай-ақ апаттан зардап шеккен 10 провинцияда үш айға төтенше жағдай режимі енгізілді.

Зілаза салдарынан Қазақстан азаматтары - Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбеков қаза тапты. Бүгін Мирболат Құрмашевты туған-туыстары, танитын, бірге оқып, қызмет еткен достары, әріптестері ақтық сапарға шығарып салды.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.