Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа Зеландияда күшті дауылға байланысты ел тарихында үшінші рет ТЖ режимі жарияланды (фото, видео)

Опубликовано:

Жаңа Зеландиядағы дауылдан кейінгі жағдай
Жаңа Зеландиядағы су тасқыны. Фото: STR/AFP/Getty Images

Жаңа Зеландияда "Габриэль" циклонына байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды. Себебі сұрапыл дауыл салдарынан елде көшкін жүріп, сондай-ақ су тасқыны болып, мыңдаған адамды эвакуациялауға тура келген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.

Премьер-министр Крис Хипкинстің сөзінше, ел тарихында осымен үшінші рет төтенше жағдай режимі жарияланып отыр.

"Габриэль" циклоны – бұл Жаңа Зеландия осы ғасырда бетпе-бет келіп отырған ең ауқымды табиғи құбылыстардың бірі. Біз қазір көріп отырған мұндай елеулі және ауқымды залал бүтін бір ұрпақтың өмірінде болған емес. Елдегі төтенше жағдай тарихта үшінші рет жарияланып отыр", – дейді үкімет басшысы.

Басылымның жазуынша, дауыл дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні ел халқының басым бөлігі тұратын Солтүстік арал тұрғындарын әбігерге салған.

Көшкіннен опырылған жол
Көшкіннен опырылған жол. Фото: Fiona Goodall/Getty Images

Желдің екпіні сағатына 140 шақырымға жетіп, 11 метрлік толқындар байқалған, сондай-ақ тәулігіне 20 см-ге дейін жауын-шашын түскен.

Қатты дауылдан 225 мыңға жуық адам жарықсыз қалған.

Көшкін мен жолдардың су алуына байланысты көптеген азамат өз елдімекендерінен шыға алмай қалған. ТЖМ басшысы 2,5 мыңға жуық адамды эвакуациялауға тура келгенін айтады.

Басылымның мәліметінше, ел тарихында үшінші рет жарияланып отырған төтенше жағдай режимі бір аптаға енгізілген. ТЖ режимі алғаш рет 2019 жылы Крайстчерчедегі терактіден кейін, екінші рет 2020 жылы коронавирус індетіне байланысты енгізілген.

The Guardian басылымының хабарлауынша, табиғи апат салдарынан төрт адам, оның ішінде бір бала қаза болған. Бұл туралы ақпаратты полиция растаған. Әзірге зардап шеккендердің нақты саны туралы дерек жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2009510-zana-zelandiyada-kusti-dauylga-bailanysty-zagdai-rezimi-zariyalandy-foto-video/

pixel