jitsu gif branding logo appbranding logo app

Иранда 5,3 балдық жер сілкінісі болды

Иранның байрағы
Иранның байрағы. Көрнекі фото: Рexels.com

Бүгін Иранның оңтүстігінде 5,3 балдық жер сілкінісі тіркелді. Алайда ғимараттардың қирауы мен зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметінше, бүгін Иранның оңтүстігінде жергілікті уақыт бойынша 06:05-те (Астана уақыты бойынша 12:05-те) магнитудасы 5,3 болатын жер сілкінісі тіркелген.

EMSC-тің хабарлауынша, зілзала ошағы 352 мың тұрғыны бар Бендер-Аббас қаласынан солтүстік-батысқа қарай 113 шақырым жерде, 10 шақырым тереңдікте орналасқан.

Дегенмен, қазіргі уақытта қандай да бір қирау мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Ирандағы Бендер-Аббас қаласы
Ирандағы Бендер-Аббас қаласы. Скриншот: Google Maps

Айта кетейік, дүйсенбі, 20 ақпан күні Түркияның Сириямен шекаралас Хатай провинциясында магнитудасы 6,4 және 5,8 болатын тағы екі жер сілкінісі тіркелді.

Жерасты дүмпуі көршілес Сирияға да залал келтірген.

Соңғы мәліметтер бойынша қайталанған зілзала салдарынан екі елде қаза тапқандар саны оннан асқан.

Иранда 5,3 балдық жер сілкінісі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.