Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Иранның спорт министрі мінген тікұшақ апатқа ұшырап, шенеуніктің кеңесшісі мерт болды

Опубликовано:

Иранның спорт министрі мінген тікұшақ апатқа ұшырады
Оқиға орны. Фото: twitter.com/IRNA_1313

Иранның спорт министрі мінген тікұшақ қону кезінде апатқа ұшырады. Шенеунік ауруханаға жеткізілген. Одан бөлек, алған жарақаттарынан оның кеңесшісі Эсмаил Ахмади қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости.

IRNA агенттігінің хабарлауынша, Иран спорт министрі Хамид Саджади мінген тікұшақ апатқа ұшыраған. Оқиға Керман провинциясындағы Бафт қаласында болды.

"Бейсенбі күні спорт министрі мінген тікұшақ Бафт қаласындағы спорт кешенінің жанына қонған кезде апатқа ұшырады", - делінген хабарламада.

Агенттіктің ақпаратынша, министр тірі қалған. Оны басқа да зардап шегушілермен бірге ауруханаға жеткізген.

Кейінірек, агентік ирандық БАҚ-қа сілтеме жасай отырып, оқыс оқиға салдарынан алған жарақаттарынан спорт министрінің кеңесшісі Эсмаил Ахмади қаза тапқанын хабарлады.

Еске сала кетсек, 23 ақпанда Батыс Қазақстан облысында тікұшақтың апатты қонуы салдарынан төрт адам қаза тауып, тағы екеуі жарақат алған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2010627-irannyn-sport-ministri-mingen-tikusaq-apatqa-usyrap-seneuniktin-kenessisi-qaza-tapty/

pixel