jitsu gif branding logo appbranding logo app

Жапонияда 6,1 балдық жер сілкінісі болды

Жапония
Жапония. Көрнекі фото: Рexels.com

Жапонияның Хоккайдо аралының оңтүстік-шығысында 6,1 балдық жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулерін 12 префектураның тұрғындары сезген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің елдің бас метеорологиялық департаментіне сілтеме жасап хабарлауынша, сенбі, 25 ақпанда Жапонияның ең солтүстігіндегі Хоккайдо аралындағы Кусиро қаласына жақын теңізде магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі тіркелген. Жер асты дүмпуінің ошағы 60 шақырым тереңдікте болған.

Жер сілкінісінен келген шығын, сондай-ақ зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ. Цунами қаупі де жарияланған жоқ.

Агенттіктің мәліметінше, ең күшті жер асты дүмпулері Немуро қаласында сезіліп, Жапонияда қабылданған жеті балдық шкала бойынша бес баллды құраған.

Жалпы жер асты дүмпулерін 12 префектура тұрғындары сезген.

Жапонияда 6,1 балдық жер сілкінісі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.