Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Грекияда екі пойыз соқтығысып, 15 адам қаза тапты (видео)

Опубликовано:

Соқтығысқан пойыздар
1 наурыз. Грекияда соқтығысқан пойыздар. Оқиға орны. Фото: STRINGER/SOOC/AFP via Getty Images

Кеше түнде Грекияның Темпи қаласында қайғылы оқиға болып, жолаушылар мен жүк пойызы соқтығысты. Төтенше жағдай салдарынан 15 адам қаза тауып, ондаған адам жараланған деп хабарланды, РИА-Новости агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

РИА-Новости мәліметінше, оқиға түн ортасында Афины қаласынан солтүстік-батысқа қарай 200 километрден астам жерде орналасқан Эвангелизмос станциясында орын алған.

Салоники-Лариса бағытындағы жолаушылар пойызында 430 жолаушы болған. Екі пойыз соқтығысқаннан кейін жолаушылар пойызының үш вагоны рельстен шығып кетіп, вагондар өртенген. Зардап шеккендердің ішінде 20 адамның жағдайы ауыр.

EADaily басылымының ақпаратынша, төтенше жағдай орнына 30-ға жуық жедел жәрдем көлігі келген. Басылым өрт сөндірушілер аударылған пойыз вагондарында қалған адамдарды іздестіріп жатқанын хабарлады.

Басылымның мәліметінше, Лариса, Трикала, Кардица, Волос, Катерини, Салоники және Ламия қалаларынан полиция, жедел жәрдем мен өрт сөндіру көліктері келген. Грекия үкіметі Катерини және Лариса қалаларының ауруханаларында жарақаттанғандарды қабылдау бөлімшелерін, сондай-ақ Афиныда жедел әскери госпиталь ашуды бұйырған.

"Денсаулық сақтау министрі Танос Плеврис апат орнына келе жатыр. Грекияның премьер-министрі Кириакос Мицотакис ахуалды қадағалап, барлық жағдайдан хабардар болып отырады" - деп жазады EADaily басылымы.

Сондай-ақ Грекия БАҚ өкілдеріне сілтеме жасаған ТАСС агенттігі журналистерге сұхбат берген оқиға куәгерлері болған жайттың жай-жапсарын айтып берді деп жазады. Куәгерлердің айтуынша, пойыздар соқтығысқан кезде соққы өте қатты болған, бірден бірнеше вагон өртенген.

"Айналаның бәрі өртеніп жатты, сынған терезелер арқылы шықтық. Біз аңғарда қалып қойдық, айналаның бәрі түтінге оранған. Қайда бару керегін де түсінбей қалдық", - деді аман қалған жолаушылардың бірі.

Бір-біріне қарама-қарсы келе жатқан екі пойыз да белгісіз себептермен бір жолда соқтығысқан. Оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2011251-grekiyada-eki-poiyz-soqtygysyp-15-adam-qaza-tapty-video/

pixel