Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гонконгта салынып жатқан 42 қабатты зәулім ғимарат өртеніп кетті (видео)

Опубликовано:

Гонконгта өртеніп жатқан 42 қабатты зәулім ғимарат
Гонконгта өртеніп жатқан 42 қабатты зәулім ғимарат. Видеодан кадр: twitter.com/Liliji111

Гонконгта салынып жатқан 42 қабатты зәулім ғимарат өртеніп кетті. Оқиға бейсенбі күні кешке болған. Өрт сөндірушілер өрттің жақын маңдағы ғимараттарға таралуының алдын алды, деп хабарлайды The New York Times.

Цим Ша Цуй ауданында салынып жатқан 42 қабатты ғимарат 2 наурыз күні кешкі уақытта өртенген. Жергілікті телеарналардың хабарлауынша, оқиғадан екі адам зардап шеккен. Қайтыс болғандар туралы мәлімет жоқ.

Өртке оранған зәулім ғимарат люкс резиденциялар мен бес жұлдызды қонақүйлердің жанында орналасқан – олардың кейбіріндегі қонақтарды эвакуациялауға тура келді.

Сонымен қатар жанып жатқан ғимараттың жанында орналасқан бірнеше ғимарат та өртенген, бірақ өрт сөндірушілер өрттің одан әрі таралуының алдын алды.

Салынып жатқан зәулім ғимарат ескі Гонконг Mariner's Club клубы болған, оны қайта жөндеуден өткізіп жатқандығы айтылған. Онда қонақ үй ашылады деп жоспарлаған.

Ғимарат Гонконгтың танымал сауда аймағы Цим Ша Цуй ауданында орналасқан, ол өзінің дүкендерімен, мәдени көрікті жерлерімен және айлақ көріністерімен танымал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2011575-gonkongta-salynyp-zatqan-42-qabatty-zaulim-gimarat-ortenip-ketti-video/

pixel