jitsu gif

Тәжікстанда магнитудасы 5,7 болатын жер сілкінісі тіркелді

Жер сілкінісі
Жер сілкінісі. Көрнекі фото: Freepic.com

Бүгін, таңғы сағат 7:36-да Алматыдан 598 км қашықтықта Тәжікстан аумағында жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ сейсмикалық станциялар желісінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ресми сайт дерегінше, Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "СТӘЭ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісінде 2023 жылғы 9 наурызда Алматы уақыты бойынша сағат 07:36:45-те жер сілкінісі тіркелді.

"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 598 километр жерде Тәжікстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.7",- делінген хабарламада.

Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 5,7 болып, тереңдігі 25 километрде орналасқан.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.