jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Үкіметке қарсы шыққан ирандық қыздар орамалсыз би билеп, наразылығын білдірді (видео)

Көшеде билеген ирандық қыздар
Иранда үкіметке наразылық ретінде 5 қыз орамалсыз биледі. Скриншот : twitter.com/NahayatT

Иранда әйелдерді қорғап, үкіметке қарсы наразылық білдіру мақсатында көшеде орамалсыз билеген 5 қыздың биі желіде тарады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ирандық қыздардың орындауындағы бидің видеосын журналист Нахаят Тижуш өзінің Twitter парақшасында бөлісті. Журналистің сөзінше, жергілікті полиция қыздарды іздестіруде.

Қыздар Тегерандағы Шахрак Экбатан ауданындағы көпқабатты үйлердің алдында өнер көрсеткен. Бұл жерде жергілікті тұрғындар үкіметке қарсы шерулерге жиі жиналады. Сондықтан қыздар да үкіметке қарсы өз наразылығын білдіріп, әйелдерге қолдау көрсеткісі келген.

Сондай-ақ видео желіде кеңінен таралып, ирандық қыздар және басқа да елдегі арулар қолдау мақсатында өз видеороликтерін жариялауда.

Еске салайық, бұған дейін ирандық ерлі-зайыпты Тегеран алаңында билегені үшін 10 жылға сотталған болатын.

Айта кетейік, елдегі жаппай наразылықтар былтыр қыркүйек айында 22 жастағы Махса Амини есімді бойжеткеннің өлімінен кейін басталған еді. Оны ислам әдеп полициясы хиджабты дұрыс кимегені үшін ұстаған болатын. Кейін ол полиция бөлімінде қайтыс болды. Марқұмның туыстары мен оны қамауға алған кездегі куәгерлер қызды ұрып-соққан деп санайды.

Үкіметке қарсы шыққан ирандық қыздар орамалсыз би билеп, наразылығын білдірді (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.