jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Ер адам түнде телефонда отырып ойын ойнайтын ұлын ерекше әдіспен жазалады

телефонда ойын ойнап жатқан бала
Ойын ойнап жатқан бала. Көрнекі фото: Рexels.com

Қытай тұрғыны ұлының түнде смартфонда ойын ойнауға деген құмарлығы үшін ерекше жаза ойлап тапқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, 8 наурызда Хуан есімді ер адам мектепте оқитын ұлының түнде жақсылап ұйықтап, сабаққа сергек барудың орнына смартфонда жасырын ойын ойнайтынын байқап қалған.

Түнгі ойындар баланың мектептегі үлгеріміне кері әсер ететінін білетін қытайлық әке ұлының бұл әрекетіне қынжылған.

Хуан әйелімен кеңесе келе, баласының мұғаліміне қоңырау шалып, оны бір күнге сабақтан босатуын өтінген.

Осыдан кейін ата-ана ұлына күні бойы телефонда ойын ойнауға рұқсат беріп, бірақ "ұйықтамау керек" деген шарт қояды. Виртуалды ойынды ұнататын бала оған басында қатты қуанғанымен, көп ұзамай әкесі сынақ шарттарын бір минутқа да бұзбайтынын түсінеді. Себебі, Хуан ұлының қасынан бір елі кетпей, оның ойынды үзбей ойнағанын қадағалап отырған.

Тіпті, ұлының бүкіл денесінің ауырсынып, шаршағанына шағымданғанына, ойыннан шаршап ұйықтап қалғанына қарамастан, Хуан ойынды тоқтатуға тыйым салған.

Нәтижесінде Хуан баласын 17 сағат бойы ойын ойнауға мәжбүрлеген.

Соңында мектеп оқушысы әкесінен аяушылық танытуын сұрап, бұдан былай түнде ешқашан ойын ойнамайтынын айтып, тіпті уәдесін растайтын қолхат жазып берген.

Осыдан кейін Хуан ұлына жұмыс күндері жарты сағат, ал демалыс күндері бір сағат ойын ойнауға рұқсат беретінін айтқан. Дегенмен, ол өзге ата-аналарды өзінің тәжірибесін қайталамауға шақырып отыр.

Ер адам түнде телефонда отырып ойын ойнайтын ұлын ерекше әдіспен жазалады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.