jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Түркияның Шанлыурфа қаласындағы селден 15 адам қаза тапты

Түркияның Шанлыурфа провинциясындағы селден кейінгі көрініс
Шанлыурфа провинциясындағы сел. Фото: Anadolu агенттігі

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Шанлыурфа провинциясында сел жүріп, 15 адам қаза тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, Шанлыурфада сейсенбі, 14 наурыз күні нөсер жаңбыр жауған. Провинцияның әкімшілік орталығының бірқатар көшелері мен даңғылдарын су басып қалған.

Провинцияның өртке қарсы қызметінің мәліметінше, Вейсел Карани ғимараттардың бірінің жертөлесінен бес адамның мәйіті табылған, болжам бойынша олар сириялық болуы мүмкін.

Соңғы деректер бойынша Шанлыурфадағы табиғи апат құрбандарының саны 15 адамға жетті.

Толассыз жауған жаңбыр салдарынан бөгеліп қалған қала тұрғындарын анықтау жұмыстары жалғасуда.

Түркияның Шанлыурфа қаласындағы селден 15 адам қаза тапты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.