Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркия ақпанда болған жойқын жер сілкіністерінің шығынын есептеді

Опубликовано:

Кахраманмараштағы жер сілкінісінен кейінгі көрініс
Жер сілкінісінен кейінгі Кахраманмараш. Фото: Evrim Aydin/Anadolu Agency/Getty Images

Түркияның оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінен келген шығын 2 триллион түрік лирасын, яғни 105 миллиард долларды құрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Елдің қаржы және қазынашылық министрлігіне сілтеме жасап хабарлаған агенттік зілзаладан келген шығынның 1999 жылғы жер сілкінісімен салыстырғанда әлдеқайда көптігін айтқан.

"Зілзаладан келген шығын 2 триллион лира (105 миллиард 280 миллион доллар). Бұл 1999 жылы Мәрмәр теңізі аймағында болған жер сілкінісінен шамамен 6 есеге көп шығынға ұшырағанымызды көрсетеді. Бұл көрсеткіш 2023 жылға күтілетін ұлттық табыстың 9 пайызына сәйкес келеді", – делінген министрлік хабарламасында.

Бұл ретте батыстық сарапшылар бұған дейін жер сілкінісінің Түркиядағы тұрғын үйлерге шамамен 70,8 миллиард доллар шығын әкелгенін хабарлаған болатын. Ұлттық табыстағы шығын тағы 10,4 миллиард долларды құрайды, ал жұмыс күшінің жоғалуы түрік экономикасына 2,9 миллиард доллар шығын әкеледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2013393-turkiya-aqpanda-bolgan-zoiqyn-zer-silkinisterinin-sygynyn-eseptedi/

pixel