Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда жер сілкінісі кезінде қираған үйлерге байланысты қамауға алынғандар саны 269-ға жетті

Опубликовано:

Түркиядағы жер сілкінісінен кейінгі іздестіру-құтқару жұмыстары
Түркияда жер сілкінісінен кейінгі іздестіру-құтқару жұмыстары. Фото: Burak Kara / Stringer via Getty images

Түркиядағы ақпан айында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан қираған үйлерге байланысты қамауға алынған адамдар саны 269-ға жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің жазуынша, зілзаланың ауқымды зардабына байланысты тергеу шаралары жалғасып жатыр.

Осы уақыт аралығында Түркияның Бас прокуратурасы адам өліміне әкеп соқтырған сапасыз құрылысқа 1068 тұлғаның қатысы барын анықтаған. 320 күдікті елден кетпеу туралы кепілмен босатылған.

Сондай-ақ 228 күдіктіні ұстауға бұйрық берілсе, 106 күдіктіні қамауға алуға ордер берілген.

Сонымен қатар күдіктілердің 43-і өмірден өткені, ал 14 адам шетелде екені белгілі болған.

Бұған дейін Бас прокуратура елдің 11 провинциясында құрылыс жұмыстарын дұрыс жүргізбеді деген күдікпен 564 адамды анықтаған болатын.

Ал 26 ақпанда жер сілкінісінен кейін бүлінбеген бірде-бір ғимарат қалмаған Газиантеп провинциясындағы Нурдагы қаласының мэрі ұсталған болатын.

Еске салсақ, 6 ақпан күні Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7 балдан асатын екі жойқын жер сілкінісі болды.

Табиғи апат көршілес Сирияға да әсер етіп, онда да тұрғын үйлер қирап, адамдар үйінді астында қалды.

Соңғы мәліметтер бойынша Түркияда зілзала салдарынан қаза тапқандар саны 46 мыңнан асқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2012402-turkiyada-zer-silkinisi-kezinde-qiragan-uilerge-bailanysty-qamauga-alyngandar-sany-269-ga-zetti/

pixel