АҚШ-та хиджаб киген әйел алғаш рет судья атанып, қасиетті құранмен ант берді
Жарияланған күні:
Америка құрама штаттарында хиджаб киген әйел тұңғыш рет судья қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Anadolu Agency сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Адвокат Надия Кахф Нью-Джерси штатында судья болып тағайындалды. Ол АҚШ-та мұндай қызметке тағайындалған тұңғыш хиджабтағы әйел. Ол бүған дейін Уэйн қаласында отбасылық істер бойынша адвокат міндетін атқарады. Кейін судья болу үшін сайлауға түсіп, штаттың сенаты оның кандидатурасын дауыс беру арқылы қолдаған.
Бірнеше күн бұрын басына ақ орамал тағып, судья мантиясын киген Надия Құранға қолын қойып, ант берді. Осылайша, ресми түрде қызметіне кірісті.
Бұған дейін Кахф отбасылық құқық және иммиграция мәселесі бойынша адвокат қызметін атқарып, Пассаик аймағы бойынша Ислам орталығының жетекшісі болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2014032-aqs-ta-xidzab-kigen-aiel-algas-ret-sudya-atanyp-qasietti-quranmen-ant-berdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.