Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркиядағы жер сілкінісінен 128 сағаттан кейін табылған сәби 2 ай өткенде анасымен қауышты

Опубликовано:

Түркиядағы жер сілкінісі болған аймақ
Түркиядағы жер сілкінісі болған аймақ. Оқиға орнынан фото: Anadolu Agency / Contributor/ Getty Images

6 ақпанда Түркияның оңтүстігінде болған жойқын жер сілкінісінен кейін 5 тәуліктен соң аман-есен табылған сәби 54 күннен соң анасымен қауышты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Anadolu агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Түркия отбасы және әлеуметтік қызметтер министрлігінің мәліметінше, медбикелер бүгінде "Гизем" (Жұмбақ) деп атап кеткен 3,5 айлық сәби жер сілкінісінен кейін 128 сағат өткенде Хатайдағы үйінді астында құтқарылып, Адана қаласындағы ауруханаға жеткізілген.

Денсаулығында ешқандай кінәрат болмаған соң, кейін президент ұшағымен Анкарадағы отбасы және әлеуметтік қызметтер министрлігіне қарасты мекемеге жеткізіліп, сол жерге орналастырылған.

Агенттіктің мәліметінше, сәбидің анасы Ясемин Бегдаш жер сілкінісі кезінде жарақат алып, әкесі мен екі ағасы мерт болған. Ал нәресте мен анасының бір-біріне туыс екені ДНҚ сараптамысы арқылы дәлелденген.

Нәрестені анасымен қауыштыру үшін Отбасы және әлеуметтік қызметтер министрі Дерья Янык сәбиді анасы емделіп жатқан Адана провинциясына өзі апарған.

Анасы мен баласының қауышуы өте әсерлі болған.

"Бұл шынымен де ғажайып оқиға. Оның аман қалғанына және денсаулығында ешбір кінәрат жоқтығына кәдімгідей таңғалып, қуандық. Анасы ем алуына жалғастыруда. Оның жалпы денсаулығында үлкен мәселе жоқ. Ол сауығып кеткен соң Гиземді анасына қалдырамыз. Отбасы және халыққа қызмет көрсету министрлігі ретінде Гиземге әрдайым біздің қолдауымыз болады.

Құдай оларға ұзақ та бақытты ғұмыр берсін, енді бір-бірінен ешқашан ажырамасын деп тілеймін", - дейді Дерья Янык.

Денья Янык министрлік оларға әрдайым қолдау көрсететінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2015117-turkiyadagy-zer-silkinisinen-128-sagattan-keiin-tabylgan-sabi-2-ai-otkende-anasymen-qauysty-foto/

pixel