jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

"Кел, құшақтасайық": Құран оқуды үйрететін ұстаз ұлының өліміне себепкер болған шәкіртін кешірді

Ұстазы шәкіртімен сөйлескен сәті
Ұстазы шәкіртімен сөйлескен сәті. Видеодан кадр: Instagram / @gorec212

Әлеуметтік желіде Шешенстан тұрғыны Құран оқуды үйрететін мұғалімінің 14 жастағы баласын қағып кеткені туралы бейнежазба тараған. Бұл туралы Gorec212 Instagram парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Баланың әкесі Шайх Анвар жерлеу рәсімі басталғанға дейін тәлімгерінің соңынан көлік жіберген. Ер адам жерлеу рәсіміне келген кезде Шайх Анвардың әрекеті көпшілікті таң қалдырған.

"Мен сені жақсы көремін және сен де мені жақсы көретініңді білемін. Жақында ғана екеуіміз бірге отырып Құран оқыдық. Мен сенің алиміңмін (ұстаз), сен менің муталимімсің (шәкірт). Мен сені Алла разылығы үшін жақсы көремін және өмірімнің соңына дейін жақсы көріп өтемін. Мен сені кешірдім. Алла саған сабыр мен барлық жақсылықты берсін. Кел бері, құшақтасайық", - деді Шайх-Анвар.

Ер адамға алдыңғы қатарда тұрып, марқұмның денесін алып жүруге рұқсат етілген.

Желі қолданушылары Шайхтың бұл әрекетіне сүйсініп, жақсылық тілеген.

"Нағыз еркек. Нағыз Ислам", "Құдай оған бар игі жақсылықты нәсіп етсін және бізді мұндай сынақтан аулақ етсін", "Расымен мақтануға тұрарлық әрекет. 100 пайыз сабақ та болды", - деді пікір білдірушілер.

"Кел, құшақтасайық": Құран оқуды үйрететін ұстаз ұлының өліміне себепкер болған шәкіртін кешірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.