jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Түркиядағы президент сайлауының екінші кезеңінде Ердоған жеңіске жетті

Режеп Тайип Ердоған
Режеп Тайип Ердоған. Фото: instagram.com/rterdogan

Түркиядағы президент сайлауының екінші кезеңінде қазіргі мемлекет басшысы Режеп Тайип Ердоған жеңіске жетті. Бұл туралы Түркия Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Ахмет Йенер хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

"Түркиядағы, шетелдік өкілдіктер мен шекара бекеттеріндегі сайлау учаскелерін қосқанда 99,43 пайыз бюллетень саналды. Оның қорытындысы бойынша Режеп Ердоған – 52,14 пайыз, Кемаль Кылычдароглу – 47,86 пайыз дауыс жинады. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Режеп Тайип Ердоған – Түркияның жаңа президенті болып таңдалды", - деді Йенер баспасөз маслихатында.

Anadolu агенттігінің мәліметінше, 99,85 пайыз дауысты санау қорытындысы бойынша, президент сайлауының екінші кезеңінде сайлаушылардың дауысы мынадай болып бөлінді:

  • Режеп Тайип Ердоған үшін сайлаушылардың - 52,17 пайызы;
  • Кемал Кылычдароглу үшін – 47,85 пайызы дауыс берген.

Яғни, Ердоғанға 27,6 миллион адам, Кылычдароглуға 25,4 миллион адам дауыс берген.

Сайлаудың екінші кезеңіне сайлаушылардың 85,63 пайызы қатысқан.

Еске салайық, Түркияда президент сайлауының бірінші кезеңі 14 мамырда өткен болатын. Президент сайлауына Ердоған мен Кылычдароглудан бөлек, "Ататүрікшілер альянсынан" кандидат Синан Оган да қатысты.

Ережеге сәйкес сайлауда жеңіске жету үшін кандидат сайлаушылардың 50 пайыздан астам дауысын жинауы керек, бірақ мұндай нәтиже бірінші кезеңде тіркелген жоқ. Сондықтан Түркия Жоғары сайлау комиссиясы 28 мамырда елде президент сайлауының екінші кезеңі өтетінін ресми түрде хабарлаған еді.

Түркиядағы президент сайлауының екінші кезеңінде Ердоған жеңіске жетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.